Облыстық көпбейінді ауруханасының кардиохирург дәрігерлері екі сағатта ананың да, баланың да өмірін аман сақтап қалды.
Науқас 1997 жылғы, үшінші сәбиіне аяғы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, Жаңаөзен қаласының санитарлық авиациясымен облыстық көпбейінді ауруханасына шұғыл жеткізілген. Жан-жақты тексерудің нәтижесінде митралды қақпақшаның жедел инфекциялық эндокардиті, митралды қақпақша жеткіліксіздігінің III-IV сатысы. Өкпе гипертензиясы диагнозы анықталды. Кардиохирург дәрігерлер ҰҒКО мамандарымен телемедициналық кеңес өткізіп, өңірлік деңгейде операция жасауға шешім қабылдаған.
Науқасқа митралды қақпақшасын ауыстыру операциясын жасадық. Мақсатымыз ананы да, баланы да аман алып қалу болды. Сондықтан операцияны тез жасауға тырыстық. Себебі мұндай операция кезінде ананың жүрек соғысы уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар қан сұйылтамыз. Бұл да құрсақтағы балаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Операция кезінде акушер-гинекологтар жатырдағы балаға УДЗ жасап, жағдайын тұрақты бақылауда ұстады. Соның нәтижесінде қауіп болмай, жақсы нәтижеге қолжеткіздік, - деді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жүрек қан-тамыр хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Кудабаев.
Науқас операциядан кейін жансақтау бөлімінде емделіп, бөлімшеге шығарылды. Қазір жағдайы қалыпты, өзін жақсы сезініп, өз бетінше қозғала алады. Жүктілігі жалғасуда.
Операцияны МОКА директорының орынбасары, кардиохирург Агзам Алдашев, Ербол Кудабаев жасады. Акушер-гинеколог Юлия Досаханова, анестезиолог-реаниматологтар Бақытжан Балгалыев, Мәулен Жұмаділлаев қатысты.
Айта кетейік, шұғыл және жоспарлы операциялар МӘМС аясында тегін жүргізіледі.
baq.kz

27.05.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТАРАЗДА ЖАСӨСПІРІМНІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында жасөспірімнің жүректегі туа біткен ақауын емдеу үшін жасалған ота сәтті өтті.
04.10.2025
СЕРДЦЕ СНОВА БЬЕТСЯ РОВНО: В СЕМЕE ПРОВЕЛИ СЛОЖНУЮ ОПЕРАЦИЮ БЕСПЛАТНО
В Университетском госпитале НАО «МУС» города Семей 77-летней пациентке успешно проведена операция на сердце — одинарное внутреннее маммарно-коронарное шунтирование.
16.09.2025
ВРАЧИ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ СПАСЛИ ПЯТИЛЕТНЕГО РЕБЕНКА В КРИТИЧЕСКОМ СОСТОЯНИИ
В Районную больницу №1 села Шелек Алматинской области в экстренном порядке поступила пятилетняя девочка с крайне тяжелым диагнозом.
08.09.2025